Елде кеңселер мен дүңгіршектерді жалға алу құны қымбаттады

650

Осы жылдың мамыр айында елде дүңгіршектерді жалға алу құны шаршы метріне 8,2 мың теңгені құрап, бір жы бұрынғы көрсеткіштен қарағанда бірден 18,8% қымбаттаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Елде кеңселер мен дүңгіршектерді жалға алу құны қымбаттады

Ал сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу бағасы бір жылда 4,9 мың теңгеге, яғни 14,1% өскен. Сонымен қатар асханаларды (10,7% - 1,3 мың теңге), валюталарды айырбастау пунктін (9% - 6,9 мың теңге), фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын (8,8% - 1,3 мың теңге) жалға алу құны да едәуір қымбаттаған.

"Кеңселерді жалға алу бағасы шаршы метріне 1,4 мың теңгеден 4,4 мың теңгеге дейінгі аралықта болған. Қоймалардың бағасы бұл жағынан 679 теңгеден басталады. Әйтсе де А санатындағы қоймаларды жалға алу бағасы 2,9 мың теңге. Автожуу бекеттерін жалға алу бағасы 4,3%, яғни 959 теңгеге азайды", – делінген зерттеуде.

Жалпы осы жылдың мамыр айында коммерциялық мүліктерді жалға алу бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 4,8% өсті. Әйтсе де 2021 жылдың сәуір айымен салыстырғанда жалға алу бағасы 0,3% арзандаған. Бағаның бір айлық деңгейде болсын арзандауы Шымкент қаласында, Павлодар және Алматы облыстарында байқалады.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу