Биыл қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бес ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірді. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60%", – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Импорт көлемі де 13,6% артты. Есепті кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінді.
Керісінше, экспорт 0,4% азайды, шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілді.
Ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жетті. Ал 2024 жылдың қаңтар–мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу