Елде қоқыс мәселесі қалай шешімін таппақ?

1266

Нұр-Сұлтанда Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезеңінің қорытындысына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елде қоқыс мәселесі қалай шешімін таппақ?

Биыл маусымда аталған әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталды. Онда тұрмыстық қалдықтарды тастау деңгейін төмендету, оларды тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылды.

Қазақстан экономикасының өсуі және урбанизация процесі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) көлемі артуына себепкер болып отыр.

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 5 миллион тонна ҚТҚ жиналады, оның басым бөлігі адамдардың күнделікті негізде пайдаланатын өнімдерден қалыптасады.

Сонымен қатар барлық қалдық қоқыс салатын жәшіктер мен полигондарға тасталмайды.

"Салдарынан олар қоршаған ортаны ластайды. Өкінішке қарай, көпшілігі мұны түсінбейді. Сондықтан StopMusor жобасының негізгі идеясы – адамдарға өз қоқыстарын қоқыс жәшіктеріне салуды үйрету, әрі ұсақ қоқыстардың экологияға, денсаулығымызға үлкен залал келтіруі мүмкін екенін түсіндіру", – деді экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева.

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстанда 7 300 стихиялы қоқыс үйіндісі болған, оның 88%-ы жойылды (6 600 қоқыс үйіндісі).

Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 20,2% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу