Елде коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады?

744

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға арнайы техникалық шарттар бойынша қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Елде коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқығы қалай қорғалады?

Техникалық шарттар дегеніміз тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуі мақсатында электр, жылу, газ, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажет техникалық талаптар болып саналады.

Техникалық шарттарды алу үшін мемлекеттік корпорацияға "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектілерінің кеңсесіне жүгіну керек.

Өтініш берген кезде арнайы форма бойынша өтінім толтырылады және қағидаларда көрсетілген тізбе бойынша тиісті құжаттар қоса беріледі.

Өтінішті қарау кезінде табиғи монополия субъектілері төмендегі шешімнің бірін шығарады:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменттері тұтынушыларды табиғи монополия субъектілерінің ресми сайттарындағы ақпаратты өзектендіру жөніндегі жұмысқа жүйелі түрде талдау жүргізеді:

• табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуатының, сыйымдылығының, орынның, өткізу қабілетінің болуы;

• желілерді немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын өзге де мүлікті орналастыру схемаларының болуы;

• бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау (мемлекеттік құпияға және Қазақстан заңдарымен қорғалатын өзгеде құпия болып саналатын мәліметтерді қоспағанда).

Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде меншікті интернет-ресурстары жоқ субъектілерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы қосымша ақпарат ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу