Елде коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

860

78 науқастың жағдайы өте ауыр.

Елде коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 вирусы мен пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, коронавирустен 7 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болған.

Биыл 26 ақпандағы мәлімет бойынша 23 979 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 183 адамның жағдайы ауыр, 78 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу