Елде коронавирус жұқтырған 505 адам өте ауыр жағдайда жатыр

654

Індеттің таралу деңгейі баяулайтын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

Елде коронавирус жұқтырған 505 адам өте ауыр жағдайда жатыр

Өткен тәулікте елде 7 510 коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 998,
Алматы қаласында - 1519,
Шымкент қаласында – 565,
Ақмола облысында – 279,
Ақтөбе облысында - 434,
Алматы облысында - 350,
Атырау облысында - 467,
Шығыс Қазақстан облысында - 192,
Жамбыл облысында - 149,
Батыс Қазақстан облысында - 153,
Қарағанды облысында - 1084,
Қостанай облысында - 278,
Қызылорда облысында - 220,
Маңғыстау облысында - 209,
Павлодар облысында - 323,
Солтүстік Қазақстан облысында - 165,
Түркістан облысында - 125.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 679 832 жетті.
Қазақстанда 6 195 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 1777,
Алматы қаласында - 1021,
Шымкент қаласында - 499,
Ақмола облысында - 283,
Ақтөбе облысында - 219,
Алматы облысында - 228,
Атырау облысында - 277,
Шығыс Қазақстан облысында - 0,
Жамбыл облысында – 0,
Батыс Қазақстан облысында - 171,
Қарағанды облысында - 365,
Қостанай облысында - 294,
Қызылорда облысында - 170,
Маңғыстау облысында - 183,
Павлодар облысында - 355,
Солтүстік Қазақстан облысында - 237,
Түркістан облысында – 116.

Елімізде барлығы 560 373 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
14 тамыздағы мәлімет бойынша 116 574 адам коронавирус инфекциясынан (112 025 КВИ+ және 4 549 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 30 905 пациент стационарда болса, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 924 адамның жағдайы ауыр болса, 505 пациенттің жағдайы өте ауыр. 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Сары" аймақта: Түркістан облысы.

13 тамызға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 6 044 062 адам, ІІ компонентін 4 668 157 адам салдырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу