Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

943

264 науқастың жағдайы өте ауыр.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстанда 2700-ден аса адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 781 жағдай тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 860 424-ке жетті. 

2 909 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 787 450 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 13 095 пациент стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 041 адамның жағдайы ауыр, 264 пациенттің жағдайы өте ауыр, 169 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 61 адам көз жұмды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинанының бірінші компонентін 7 284 247 адам, екінші компонентін 6 143 661 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу