Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 1 945 дерегі тіркелген. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 995 351 жетті.
"Оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 1 319, Алматыда – 183, Шымкентте – 80, Ақмола облысында – 30, Ақтөбе облысында – 43, Алматы облысында – 21, Атырау облысында – 33,
Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 32,
Батыс Қазақстан облысында – 16, Қарағанды облысында – 43,
Қостанай облысында – 7, Қызылорда облысында – 16,
Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында – 34,
Солтүстік Қазақстан облысында – 13, Түркістан облысында – 32", - деп жазылған хабарламада.