Жалпы елде 981 435 жағдай расталды.
Қарағанды облысында – 105 оқиға, Солтүстік Қазақстан облысында – 80, Астанада – 75, Павлодар облысында – 67, Ақмола облысында – 61, Қостанай облысында – 57, Алматыда – 39, Шығыс Қазақстан облысында – 23, Алматы облысында – 19, Атырау облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында – 10, Қызылорда облысында – 7, Маңғыстау облысында – 5, Түркістан облысында – 5, Шымкентте – 4, Ақтөбе облысында – 4, Жамбыл облысында – 3 жағдай тіркелді.
16 желтоқсандағы жағдай бойынша, елде 20 096 адам емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 3 536, амбулаториялық деңгейде – 16 560 адам ем алуды жалғастыруда.
Ауыр жағдайда ауырғандардың ішінен 294 пациент, аса ауыр жағдайда – 89 пациент, ӨЖЖ аппараттарында – 67 пациент бар.