2020 жылғы коронавирус пандемиясы кезінде көрсеткіш 7 есе, ал экономиканың қадағаланбайтын секторында 18 есе көтерілген.
2021 жылғы бірінші жартыжылдықта құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша (экономиканың қадағаланбайтын секторында көрсетілетін қызметтердің көлемін есептемегенде) 35,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 4,5 есе артық.
Өткен жылы секторда көрсетілетін қызметтер көлемі 89,7 млрд теңге болды, бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда 6,6 есе артық – 13,6 млрд теңге.
Саладағы қызметтердің барлық көлемі Алматы (32,6 млрд теңге) және Ақмола (2,7 млрд теңге) облыстарына тиесілі. Кейін тізімде Қызылорда облысы (3,2 млн теңге) тұр.
Экономиканың қадағаланбайтын секторын ескере отырып, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 2020 жылы 278 млрд теңгеге жеткен. 2019 жылғы көрсеткіш – 15,3 млрд теңге. Сектордағы нақты өсім 17,5 есе көтерілген.
Дәурен Ерболат