Елде күн суытып, қар жауады

1032

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі.  

Елде күн суытып, қар жауады

Синоптиктер 18-20 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

18-19 қарашада Антлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың өтуінен елдің басым бөлігі жауын-шашынды болады (көбінесе қар жауады).

"Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ елдің солтүстік жартысында бұрқасын болып, желдің екпіні күшейеді", – деп жазылған хабарламада.

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

"Алайда кезекті циклонның ықпалынан елдің батысы мен солтүстік-батысы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады", – деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасының ауытқуы еліміздің батысында түнде 0-5 градустан минус 5-10 градусқа дейін аяз түседі. 

"Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта минус 5-15 градустан 15-25 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде минус 5-13 градустан 8-16 градусқа дейін аяз түседі, шығыста минус 2-10 градустан 15-25 градусқа дейін суық болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу