Елде қылмыс деңгейі төмендеді

203

Қылмыстардың ашылуы да жақсарды. 

Елде қылмыс деңгейі төмендеді Фото: baq.kz

Ішкі істер министрлігінде алты айдың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы елімізде қылмыстың төмендеуі байқалады.

"Денсаулыққа ауыр зиян келтіру 2%-ға, ұрлық 29%-ға, мал ұрлығы 33%-ға, тонау 20%-ға азайды. Қылмыстардың ашылуы да жақсарды", - деп хабарлады ІІМ.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жеке қаралды.

"Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1,3 млн бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 291 мың камера полицияның жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5 мыңнан астам қылмыс және 324 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.  Автоматты тіркеу жүйелерімен 3,9 млн жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі тіркелді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу