Елде майнинг салығы артады

879

Оның пікірінше, биткоин өндіретіндер салық төлеп, заң аясында жұмыс істеу керек.

Елде майнинг салығы артады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда криптовалюта өндірілгенімен, оның әлеуметтік-экономикалық әсері төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл сала бірнеше өңір тұтынатын электр энергиясын тұтынып отыр. Кейбір майнерлер төмен тарифтерді пайдаланады. Әкелінетін жабдыққа салықтар мен баждар төленбейді. Ең бастысы олар бұл ресурстарды сарқып, оны басқа юрисдикциялардан ақша табуға жұмсайды.

Мемлекет "ақ" майнерлерге қарсы емес. Мұны назарға алу керек. Бірақ осы салада жұмыс істегісі келетіндерде тиісті лицензияның болуы, тарифтер бойынша электр энергиясын алуы, кірістерін декларациялауы және салық төлеуі тиіс. Сондай-ақ "жасыл" энергетика жобаларын іске қосуы шарт.

Біз майнинг салығын өсіреміз. Қуаттың киловаттына ағымдағы 1 теңге мөлшерлемесі өте аз. Үкіметке аталған салықты қысқа мерзімде еселеп арттыруды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу