Елде міндетті таңбалауға қатысты талаптардың күші жойылуы мүмкін

372

Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Елде міндетті таңбалауға қатысты талаптардың күші жойылуы мүмкін Фото: datexcorp.com

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу мерзімін айқындайтын бұйрықтың күшін жою туралы жоба әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ "Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін және оны қолданысқа енгізу күнін айқындау туралы" бұйрығына қатысты. 

Құжатта жаңа бұйрықты әзірлеуге "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы негіз болғаны көрсетілген. Министрлік бастамасы нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу