Елде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асып кетті

675

Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысында тіркелген, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның телеграм-парақшасына сілтеме жасап.

Елде өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асып кетті

Қазақстанда өткен тәулікте 1262 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласы - 313
Алматы қаласы - 147
Шымкент қаласы - 5
Ақмола облысы - 28
Ақтөбе облысы - 29
Алматы облысы - 43
Атырау облысы - 115
Шығыс Қазақстан облысы - 57
Жамбыл облысы - 71
Батыс Қазақстан облысы - 84
Қарағанды облысы - 130
Қостанай облысы - 45
Қызылорда облысы - 23
Маңғыстау облысы - 2
Павлодар облысы - 105
Солтүстік Қазақстан облысы - 42
Түркістан облысы - 23
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 394039.

Ал індетті жұқтыру бойынша 2016 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 678
Алматы қаласы - 253
Шымкент қаласы - 103
Ақмола облысы - 48
Ақтөбе облысы - 56
Алматы облысы - 53
Атырау облысы - 89
Шығыс Қазақстан облысы - 71
Жамбыл облысы - 25
Батыс Қазақстан облысы - 126
Қарағанды облысы - 302
Қостанай облысы - 47
Қызылорда облысы - 14
Маңғыстау облысы - 50
Павлодар облысы - 56
Солтүстік Қазақстан облысы - 13
Түркістан облысы – 32. 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 423137.

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан баста ауырғандар - 57025, 987 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 52283 жетті.

30 маусымдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұрса, "сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан. "Жасыл" аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Қазіргі таңда 24 822 адам коронавирус инфекциясынан (23 526 КВИ+ және 1 296 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 453 пациент стационарда болса, 17 369 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 493 адамның жағдайы ауыр болса, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр. 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу