Елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады

323

Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті "Гардасил" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады Фото: freepik.com

Осы күзде елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шара иммундау жөніндегі ұлттық жоспарға да енгізіледі деп күтілуде. Екпе қыздарға тек ата-аналарының рұқсатымен ғана егіледі. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті "Гардасил" вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. "Жалпы Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обыры салдарынан 600 әйел көз жұмады. Қатерлі ісіктің пайда болуына осы адам папиллома вирусы басты себепкер", - дейді дәрігерлер.

"Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Иммундау кезінде 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жоспарланған. Ол тегін болады", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Зайтуна Хамидуллина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу