Елде пара алған полиция басшылары ұсталды

842

Қазақстанда пара алған полиция басшылары заң алдында жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елде пара алған полиция басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде жемқор полицейлер анықталған.

"Биыл 26 сәуірде Павлодар облысында көші-қон режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін Өзбекстан азаматынан пара алған Павлодар қаласы полиция депарламенті Көші-қон қызметі бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Е. Әубәкіров 3 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

2022 жылғы 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Ақжайық аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры А. Әбілхайыровқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 

"Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды", деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жақында Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкі 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

"Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы).

27 сәуірде арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", деп жазылған хабарламада.

Сотталған полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу