Елде республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

576

Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 3,5 млн тоннаға жуық асфальт төселді.  

Елде республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр Фото: azattyq-ruhy.kz

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы құрылыс-монтаждау жұмыстары "Қарағанды-Балқаш-Алматы", "Меркі-Бұрылбайтал", "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен", "Қалбатау-Майқапшағай", "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Өнеге-Бисен-Сайхин" сияқты күре жолдарда жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz компанияға сілтеме жасап. 

Елде республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол жөнделуде. Оның 4 мыңы қайта жаңағыртылды. Қалғанында орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа 7 мыңнан аса маман мен 5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу