Елде шала туған сәбилердің көру қабілетінен айырылуы төмендеп келеді

453

Қазақстанда ретинопатия салдарынан шала туған нәрестелердің көру қабілеті бұзылуының артуы тоқтатылды.

Елде шала туған сәбилердің көру қабілетінен айырылуы төмендеп келеді  Фото: "Аяла" қоры

Алматыда өткен "Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда еліміздің жетекші неонаталдық офтальмологтары осылай деп мәлімдеді. Бұл қайырымдылық қорлары, дәрігерлерімен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізіліпті.     

Қазақстанда жылына 22 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келеді. Соның ішінде, 4000 балада көру қабілетінен айырылуы қауіпі бар. Яғни, ретинопатия диагнозы қойылады. Осы жылы 3100-ден астам шала туған сәбиден анықталыпты. Соның ішінде, 927 балаға білікті офтальмолог дәрігерлер уақтылы медициналық көмек көрсетті. Айта кетерлігі, "АЯЛА" қайырымдылық қоры еліміздегі 16 медициналық орталықты офтальмоскоппен, 5 лазерлік аппаратпен және 5 ретинальды камерамен қамтамасыз етті. Офтальмологтардың, қайырымдылық қорлары мен демеуші компаниялардың қолдауының арқасында 1,5 жыл ішінде шақалақтардағы соқырлықтың алдын алу бойынша орасан зор серпіліс жасады, дейді мамандар.

"Скрининг "Аяла" қорының қатысуының арқасында құрылды, демеушілер ренитоналды камералар мен офтальмоскоптарды сатып алды. Бұл дер кезінде диагноз қою және емдеуді жүргізу үшін ерте диагностикаға өте пайдалы. Өйткені біз қысқа мерзімде хирургиялық емдеуді жүзеге асыруымыз керек, яғни 48-ден 72 сағатқа дейін," - дейді қалалық перинаталды орталықтың офтальмолог дәрігері Әсел Шәріпова

Одан өзге, "ДОМ" қоғамдық қоры 2010-2023 жылдар аралығында екі мыңнан астам балаға 630-ден астам отаның ақысын төлеген. Олар Ресей мен Үндістанның клиникаларына жіберіліп, офтальмологиялық хирургтар көру қабілетін сақтауға тырысуда. Оған қоса, елімізге алғаш рет бірегей KIDROP бағдарламасын әзірлеушілердің бірі доктор Ананд Винекар және балалардағы витреоретинальды хирургия бойынша ірі халықаралық сарапшы доктор Никхил Пал келді. Біздегі дәрігерлердің белсенділігін және қайырымдылық ұйымдарының қолдауынан кейін шала туған нәрестелердегі ретинопатия мәселесін мемлекеттік деңгейде кәсіби түрде шешіліп жатқанына үнді мамандары жоғары бағасын берді. 

"Біз өз тарапымыздан скринингтік бағдарлманы енгізуді ұсынып отырмыз. Ол өз кезегінде шала туған нәрестелердегі соқырлытың алдын алауға септігін тигізеді. Үндістанда мамандардың тапшылығы болса да, біз осы скринингтің арқасында нәрестеге дер кезінде диагноз қоюды ретке келтірдік", - дейді KIDROP бағдарламасының директоры, профессор (Үндістан) Ананд Винекар.

"Біз осындағы дәрігерлерді оқыту үшін қыруар жұмыс атқардық. Яғни, осыған дейін бірге жұмыс істеп келген шетелдік ақ халаттылар Қазақстанға келіп ота жасайтын болады", - дейді "ДОМ" қоғамдық қорының жетекшісі Аружан Саин.

Қазақстандық офтальмологтар "АЯЛА" қайырымдылық қоры арқасында бүгінде Астана мен Алматыда ғана емес, еліміздегі тағы ұш перинаталды орталықта балалар лазерлік түзетуден өтіп жатқанын атап өтті. Бұл балалардың денсаулығын жақсарту және көру қабілетін сақтау бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу