Елде шетелдіктер тарапынан жасалатын қылмыс шамамен 20% азайған

752

2021 жылғы қаңтар-шілдеде 948 шетел азаматы қылмыс жасаған. 

Елде шетелдіктер тарапынан жасалатын қылмыс шамамен 20% азайған

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның 848-і – ТМД азаматы, ал 100-і – ТМД-ға кірмейтін елдердің азаматы. 

Құқықбұзушылардың басым бөлігі қылмыс болып саналады: 822 адам заң бұзған. Оның ішінде 348 адам ауырлығы орташа, 242 адам
ауыр емес, 190 адам ауыр, 42 адам аса ауыр қылмыс жасаған. Қылмыс үстінде 126 адам ұсталған.

Қылмыстың басым бөлігі Алматыда жасалған: 154 адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,1% аз.

Кейін тізімде Алматы (126 адам, бір жылда минус 9,4%) және Жамбыл (104 адам, бір жылда 33,3%) облыстары тұр.

Көбінесе шетел азаматтары біреудің мүлкін ұрлаған: құқықбұзушылардың 51,9% немесе 492 адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,8% аз. Оның ішінде 276 адам ұрлық, 79 адам алаяқтық, 56 адам ұсақ ұрлық жасаса, 23 адам тонау, 15 адам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, көлік ұрлау, оны заңсыз иелену, 13 адам мал ұрлаған.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу