Елде шілдеден бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

1005

Мұндай өзгеріс 1 шілдеден бастап еңбек кодексіне енгізілмек. 

Елде шілдеден бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі Фото: Almaty.tv

Елімізде екі айдан кейін 4 күндік жұмыс аптасы іске қосылады. Бұдан былай еңбек ететіндерге бес және алты күндік, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылады. Бұл ретте жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындайды. 

Еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сай, бір апта бес, келесі апта төрт күндік жұмыс тәсілін де қолдануға болады. Мұндай өзгерістер енгеннен кейін жалпы демалыс күні – жексенбі боп қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу