Елде тағы бір институт бас лицензиясынан айырылды

3258

Бас лицензиясынан айырыл "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты жабылу алдында тұр, деп хабарлады Inbusiness.kz.порталы БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елде тағы бір институт бас лицензиясынан айырылды

БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексерудің нәтижелері осындай болып отыр. Бұған дейін ЖОО-да тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша комитет қызметкерлері түрлі заңбұзушылықтарды анықтаған болатын. Қызылорда қаласындағы "Ақмешіт" институтына ұйғарым беріліп, оқу орнына барлық сәйкессіздікті жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсаған.

"Жоғары оқу орындарында тексеру жұмыстарын білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жүргізетінімізді түсіну маңызды. Бұл ретте біз ЖОО-ларды лицензиядан бірден айырмаймыз және оларды бірден жаппаймыз. Жоғары оқу орындарына заңбұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенімен, ешқандай әрекет болған жоқ. Осыған байланысты біз кейінірек қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін жағдай жасап, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуға қол жеткізуі маңызды. Әйтпесе, жосықсыз университеттер сапалы біліммен қамтамасыз етпей, диплом беруді жалғастыратын болады. "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтында соңғы тексеру осы жылдың маусым айында жүргізілді. Заңбұзушылықтар жойылған жоқ. Әңгіме материалдық-техникалық базаның әлсіздігі және оқу процесін ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер туралы болып отыр. Университеттегі кейбір пәндерді тиісті білімі мен дәрежесі жоқ оқытушылар жүргізген. Тіпті оқу процесі мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде студенттер білім беру бағдарламаларын толық игере алмаған. Қазіргі таңда институт оқу орнын лицензиядан айыру туралы қабылдаған шешімімізге наразылық білдіруге тырысып жатыр", – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Бүгінгі таңда "Ақмешіт" институтының білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ. Алайда дипломдардың жарамсыз болғандығына қарамастан, институт оларды БҒМ-де тіркелген сериялар мен нөмірлерсіз берген. Осы жылдың түлектері басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады. Олардың оқу нәтижелері ескеріліп, диплом беріледі.
Бұл жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген.

"Талапкерлер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдау мәселесіне мұқият болуға шақырамыз. Осы ретте оқу орны ұсынып отырған білімнің сапасын, болашақта жұмысқа орналасудың перспективалары, жоғары оқу орнының беделі мен рейтингтегі орнын ескеру қажет. Жоо рейтингін ҚР БҒМ тапсырысы бойынша "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізеді", - деп ескертеді БҒМ-нан.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу