Елде тапшылық болмау үшін Ресейден жанармай импортталуы мүмкін

767

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтауда.

Елде тапшылық болмау үшін Ресейден жанармай импортталуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2023 жылғы 3-14 шілде кезеңінде Шымкент МӨЗ-інде катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосу бойынша жұмыстар жоспарланғанын хабарлады. 

"Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) "халық көп тұтынатын" АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған. Сондай-ақ Т-251 жылу алмастырғышының ақаулығының себептерін анықтау және осыған ұқсас жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және CNPC құрылтайшылары тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде", – деп хабарлады министрлік. 

2023 жылы шілдедегі автобензиндер теңгерімін сақтау мақсатында өндірістік жоспарлар келесідей түзетілді:

- Атырау МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

- Шымкент МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, Аи – 92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

Жазғы демалыс кезеңін және Аи-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, "PetroRetail", "Sinooil", "Helios" және "Газпромнефть" ірі АЖҚС желілері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтауда.

Қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қорлары:

- автобензин АИ-92 – 357 мың тоннаны, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;

- Аи – 95 – 50 мың тоннаны (15 тәулік);

- дизель отыны – 518 мың тоннаны (28 тәулік) құрайды.

Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ЖЖМ жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп,  мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингтеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен ағындарына жол бермеу  жөніндегі қызметі жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу