20 қазанда республика аумағында телерадио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"20 қазанда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", – деп жазылған "Қазтелерадио" таратқан хабарламада.
Айта кетейік, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі. Олар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз етуге, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт аралығында техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.