Негізгі бастамалардың бірі – мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу.
Министрдің айтуынша, бұл шешім тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісінің өсуін ынталандыруға жол ашады.
2024 жылдың қорытындысы бойыншат тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басқа да қабылданған шаралардың қатарында – отандық пестицидтердің нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың өндірісінде пайдаланылатын шикізатттар қосымша құн салығынан босатылды. Бұл норма импорттық өніммен бәсекелес отандық зауыттарды қолдауға бағытталған.
Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.