Елде заңсыз жүрген 107 шетелдік ұсталды

914

Көліктегі полиция қыметкерлері "Нелегал-2021" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 107 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Елде заңсыз жүрген 107 шетелдік ұсталды

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің айтуынша, заң бұзғандардың 102-сі – ТМД-ның, бесеуі – алыс елдердің азаматтары.

"Шара кезінде Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Ақтөбе-Алматы" жолаушылар пойызынан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстаді. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 27 шетелдік шығарылды", - дейді Көліктегі полиция қызметінің өкілі.

Бұдан бөлек құзырлы органға шетелдіктердің ел аумағына өткені туралы 3 күн ішінде хабарламағаны үшін 22 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қалижан Қобландин 5-12 шілде аралығында өткен шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған ТМД елдерінің 3 азаматы өз елінің қабылдау-тарату орнына қамалғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу