Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық қызмет нәтижесінде қаңтар айында 284 млрд теңге жоғалтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айтуларынша, оған шетел валюталары бағамының құбылуы, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі әсер еткен.
Сондай-ақ теңгенің нығаюы, мемлекеттік құнды қағаздардың нарықтық құнының төмендеуіне де байланысты, дейді қор басшылығы.
Айта кетейік, азайған тек инвестициялық кіріс қана. Ал азаматтардың салған жарналарында өзгеріс жоқ.
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түскен жарналар зейнетақы активі ретінде Қазақстанның және халықаралық нарықта инвестицияланады. Инвестиция бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен емес, Ұлттық банк және 5 басқарушы компаниямен жасалады. Доллардың бағамы төмендеді, сондықтан қайта бағалау нәтижесінде осындай өзгерістер болып тұрады, – дейді "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.