Елде жаңа Ұлытау облысы құрылады

3190

Мемлекет басшысы бұл өңірдің қазақ тарихында орны ерекше екенін жеткізді.

Елде жаңа Ұлытау облысы құрылады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа Ұлытау облысын құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу