Бүгінде тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен үш партия өтті және қазір олар съездер өткізу және партия активін қалыптастыру сатысында.
"Халық дербестігі" партиясы съезд өткізіп, Әділет министрлігіне өз мүшелерінің тізімін ұсынды. Қазір тізімдер тексерілуде. "Намыс" және "Байтақ" партиялары съездер өткізу сатысында тұр. Бүгінгі таңда басқа партиялар Әділет министрлігіне хабарлама беру кезеңінен өткен жоқ, өйткені олардың құжаттары заң талаптарына сәйкес келмейді", – дейді Әділет министрлігінің басшысы.
Мусиннің айтуынша, 2019 жылдан бастап 18 саяси партиядан хабарлама келіп түскен, олардың бір бөлігі 2019 жылы өтініш берген, бірақ одан әрі әрекет жасалмаған. Нәтижесінде олардың хабарламалары күшін жоғалтты.
"13-і қалды, олардың үшеуі қазір өтті. Қалғандары ұйымдастырушылық сатылардан өтеді", – деді Қанат Мусин.