Елде жанармай тапшылығы болуы мүмкін бе?

778

Отандық зауыттар 230 мың тонна өнім шығарады. 

Елде жанармай тапшылығы болуы мүмкін бе?

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов елімізде қазіргі кезде бензинге қатысты жағдай тұрақты екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізде жанармай бағасы, қоры тұрақты. Қазан айында біз АИ-92 маркалы жанармайдың 304 мың тоннасына жуық өндірісін күтеміз, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында 130 мың тонна, Шымкент зауытында 153 мың тонна, Павлодардағы мұнай-химия зауыты шамамен 20 мың тонна өндіруге тиіс. Бұл айдың басындағы балансты есепке алғанда шамамен 230 мың тонна болды, содан кейін біз сұраныс толық жабылды деп есептейміз. Елде жанармай тұтыну көрсеткіші 340 мың тонна болады деп бағаланған. Біз қазан айынан тұрақты өтуіміз керек. Бұған дейін біз қараша-желтоқсанда экспортқа жанармай шығаруымыз мүмкін деген болжам жасағанбыз", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу