Елде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

1191

Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Елде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

2021 жылғы 08 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазгидромет болжамына сүйеніп.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында циклонның әсерінен жауын жауады.

Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, батыста және оңтүстіктегі таулы аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда, Павлодар облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Жамбыл облысының оңтүстік шығысы мен таулы аудандарында тұман түседі.

Алматы облысының Алакөл көлдері аумағында желдің күші
17-22 м/с жетеді.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, түнде Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу