Елде жеке кәсіпкерлер саны 1 миллионнан асты, алайда ЖІӨ-дегі шағын кәсіпкерлік үлесі 26,8% қана

650

Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындар санының өсуіне қарамастан, ШОБ секторы әлі де тиісті дамуды алмай отыр. 

Елде жеке кәсіпкерлер саны 1 миллионнан асты, алайда ЖІӨ-дегі шағын кәсіпкерлік үлесі 26,8% қана Фото: inform.kz

2022 жылдың тамыз айының соңында елімізде 178,7 мың шағын белсенді кәсіпорын тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық.  Елдегі жеке кәсіпкерлердің саны 24,8%-ға өсіп, 1 миллионнан асты. Алайда, елдің ЖІӨ-дегі шағын кәсіпкерліктің үлесі небәрі 26,8%, ал ШОБ үлесі-33,5% -ды құрайды, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz cайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Өзбекстанда ЖІӨ-гі шағын бизнестің үлесі 50%-дан асқан. Дамыған елдерде, атап айтқанда,  Ұлыбританияда бұл көрсеткіш – 51%, Германияда – 53%, Финляндияда – 60%, Нидерландыда – 63%-ды құрайды. Мұндай көрсеткіштермен салыстырғанда Қазақстан айтарлықтай артта қалып отыр.

ШОБ секторы әрбір мемлекет үшін жоғары әлеуметтік маңызға ие. Әлемдегі барлық кәсіпорындардың шамамен 90%-ы шағын, шағын және орта кәсіпорындар. Олар жұмыс орындарының 70% қамтамасыз етеді және олардың әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу