Елде жиһаз арзандауы мүмкін

980

Қазақстанда жиһаз арзандауы мүмкін. Бұл туралы Жиһаз және ағаш өңдеу өндіріс кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елде жиһаз арзандауы мүмкін

Ол Ресейден ағаш жеткізуге тыйым салынуы отандық кәсіпкерлердің жұмысын қиындататынын жеткізді.

"Пандемия салдарынан материалдар бағасы айтарлықтай өсті. Осыған байланысты импорттаушылармен салыстырғанда қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеді. Қаңтар оқиғасынан кейін импорттаушыларды қолдайтын түсініксіз шешімдер қабылданды. Сондай-ақ Ресейге салынған санкцияларға байланысты РФ тауарлары Қазақстанға жеткізілуі мүмкін деген болжам бар", – деді қауымдастық президенті Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуінде.

Қанат Ибраев бұл тұтынушыларға тиімді болғанымен мемлекет үшін тиімсіз екенін атап өтті.

"Бұл біздің тұтынушыға өте тиімді екенін түсінемін, яғни төмен баға және тағы басқа. Бірақ капитал шетелге кетіп жатыр. Демек біз біз жұмыс орындарын айырыламыз, ал мемлекетке салық түспейді. Бұл тек Нұр-Сұлтанның ғана емес, барлық өңірдің проблемасы", – деді басшы.

"Бүгінде Ресей ағашты сыртқа жеткізуге тыйым салды. Бұл РФ-мен шекарада орналасқан өңірлердегі микро және шағын кәсіпорындардың жұмысына қатты әсер етті. Мысалы, ШҚО, Қостанай облысы. Соңғы облыста 300-ге жуық жүк көлігінің жүргізушісі жұмысынан айрылды. Бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Алайда бұл саясат, бизнес емес", – деді қауымдастық президенті.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу