Елде жіті ішек инфекциясына шалдыққандар саны азайды

385

Аурудың алғашқы белгілеріне жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе дене қызуының көтерілуі жатады.  

Елде жіті ішек инфекциясына шалдыққандар саны азайды

Биыл жазда Қазақстанда жіті ішек инфекцияларымен ауру жағдайлары төмендеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2026 жылдың жеті айында елде жіті ішек инфекциясының 7459 жағдайы тіркелді. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,2%-ға азайған.

Ішек инфекциясымен ауырғандардың үштен бірінен астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тіркелген әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, індетке қарсы іс-шаралардың толық кешені жүзеге асырылады.

Инфекцияның таралуының негізгі факторлары ретінде ластанған азық-түлік өнімдері, сапасыз ауызсу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау қалып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі қарапайым профилактикалық шараларды сақтаудың маңызын еске салады.

Жіті ішек инфекциясының алдын алу үшін қолды сабынмен үнемі жуу, тек қауіпсіз ауызсуды пайдалану, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау, өнімдерді тек белгіленген сауда орындарынан сатып алу, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу