Елде жоғалған адамдарды іздеу үшін арнайы жоба іске қосылды

1547

Қазақстандық IT компания тәртіпсіздіктер салдарынан жоғалып кеткен адамдарды іздеу үшін арнайы жобаны іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елде жоғалған адамдарды іздеу үшін арнайы жоба іске қосылды

BTS Digital компаниясы баспасөз қызметінің дерегінше, Aitu қосымшасының басты бетінде "Пропал человек" арнайы жобасы іске қосылған.

"Адамды іздеуге өтінім қалдыру үшін сервисте оның жоғалғаны туралы деректерді толтыру керек. Өтінімді 1414 call-орталығы операторлары қабылдайды. Кейін олар оны іздеу жұмыстарын жүргізу үшін ішкі істер органдарына дереу жібереді", - деп жазылған хабарламада.

Компания басшысы Нұртай Әбілғалиевтің айтуынша, ол тәртіпсіздік кезінде жоғалған адамдардың туыстарына көмектеспек болған.

"Өкінішке қарай, Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларындағы оқиғалардан кейін туыстары мен достарын іздеген адамдар көбейді. Біз іздеуді жеңілдету үшін Aitu-да "Пропал человек" деген арнайы қызметті жасадық. Осылайша, технологиялардың көмегімен қиын уақытта қазақстандықтарға көмектескіміз келеді. Жоғалған әрбір азамат табылады деп үміттенеміз", - деді басшы.

Айта кетейік, Қазақстанда тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне қарсы митингілерден кейін басталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу