Жолаушылар пойыздарының кешігу уақыты 5 есе ұзарған

209

2023 жылдың өзінде жолаушылар пойыздарының кешігуі 412 сағатты құрады. 

Жолаушылар пойыздарының кешігу уақыты 5 есе ұзарған Фото: Александр Жабчук

Соңғы төрт жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 трлн теңге, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 332 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, бұл экономиканың жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қажеттілігін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып шықты.

"Салдарынан теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған. Тек 2023 жылдың өзінде жолаушылар пойыздарының кешігуі 412 сағатты құрады немесе 2022 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен. Кезінде өзін-өзі қамтамасыз еткен компания тиімсіз және консервативті басқару, мемлекет иелігінен дұрыс ойластырылмай шығару салдарынан бүгінде әрең күн көруде", - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу