Елде жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының саны артты

580

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, республикада жұмыс істеп тұрған шаруа немесе фермер қожалықтарының саны 8,7%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz. 

Елде жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының саны артты Фото: Shymkentaqparat.kz

Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелген субъектілерінің саны 248 602 бірлікке жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 240 720 субъект. Бұл 2021 жылға қарағанда 8,7%-ға артық.

"Шаруа немесе фермер қожалықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелген (74 355 бірлік). Одан кейінгі орында Алматы (27 961) және Жамбыл (23 780) облыстары орналасқан", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, шағын және орта бизнесте жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының үлесі 13,2% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу