"Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады", – деп жазылған СІМ таратқан баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар аталған санаттағы шетелдік азаматтарға әкімшілік айыппұл салынбайды.
Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды
Елдегі коронавирус жұқтырған адамдар саны 57-ге жетті.