Әдетте жылқыны жіліктеп жейтін халық қазір үнемдеп алуға көшкен.
Баға әсіресе, Солтүстік Қазақстанда 30 пайызға дейін өскен. Мал етінің құны "аспандаған" қалалар үштігіне Ақтөбе мен Шымкент кіреді. Ал ең қымбат ет елордада – келісі 3 300 теңге. Жыл басталған 6 айда елде 125 мың тонна Қамбар ата малы сойылып, сатылыпты.
Бұл өткен жылдарға қарағанда 6-7 пайызға көп.
Сарапшылар қазір фермерлердің ауыл шаруашылығы саласынан кетіп, малдарын сойып, сатуға шығарғанын айтады.
Бұл да қымбатшылыққа әсерін тигізбей қоймайды. Жыл басынан жылқы шығыны да 6 пайызға өскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу