Қазақстанда жылу бағасы орта есеппен бір жылда 1,2%-ға төмендеген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша елде орталық жылу тарифі 2020 жылғы үш тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеген.
Алайда өңірлердегі жағдай басқаша: 17 өңірдің 13-інде орталық орталық жылу тарифінің бағасы көтерілген. Баға Ақтөбе (бір жылда 15,2%), Ақмола (5,9%) және Қарағанды (5,9%) облыстарында айтарлықтай өскен. Сондай-ақ 3 өңірде тарифтер төмендеген. Түркістан облысында баға бірден 40,5%-ға түскен, ал Қостанай облысында баға 6,7%-ға, Алматыда 3,2%-ға төмендеген.
Қазақстанда қыркүйекте орталық жылу тарифінің орташа бағасы – 1 гигакалория (Гкал) үшін 3 522 теңге. Көкшетауда 1 Гкал – 1805 теңге, Атырауда 1 Гкал – 5 383 теңге аралығында.
Сонымен қатар тізімге Көкшетауды қоспағанда елдегі ең төменгі тариф солтүстікте: Павлодар және Нұр-Сұлтанда 1 Гкал – 2 392 теңге және 2 454 теңге.
2021 жылғы қаңтар-тамызда жылу энергиясын өндіру көлемі 55,8 млн Гкал болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық.
Бір жыл бұрын тиісті кезеңде көрсеткіш бір жылда 3,8%-ға төмендеген.
Жылу энергиясын өндірудің ең үлкен көлемі Павлодар (8,5 млн Гкал) және Қарағанды (8 млн Гкал) облыстарына және Алматы (5,3 млн Гкал) және Нұр-Сұлтан (5,2 млн Гкал) қалаларына тиесілі.
Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде жылу энергиясы аз өндіріледі: Түркістан облысында – 0,3 млн Гкал, Қызылорда облысында – 0,4 млн Гкал, Шымкентте – 1,1 млн Гкал.
Дәурен Ерболат