Елде жылыту маусымы басталғалы 2890 өрт тіркеліп, 148 адам қаза тапқан

312

Соңғы 3 жылда мемлекет тарапынан 100 мыңнан аса өрт датчигі орнатылды.

Елде жылыту маусымы басталғалы 2890 өрт тіркеліп, 148 адам қаза тапқан Фото: ТЖМ

Елімізде жылыту маусымы басталғалы 2890 өрт тіркеліп, 148 адам қаза тапқан. Жеке сектордағы өрттің алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейд өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандар биыл 260 тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы 3 жылда мемлекет тарапынан 100 мыңнан аса өрт датчигі орнатылды.

Осы құрылғының көмегімен 71 азаматтың өмірі сақталған.

"Астана қаласының ТЖД қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр. Оның ішінде түсіндіру жұмыстары, арнайы жаднамалар тартылады. Үйдегі жасөспірімдерді, балаларды жалғыз қалдырмау керек екені айтылды. Электр сымдарды қалпында сақтау, пештерді жұмыс қалпында сақтау, уақытылы мұржаларды тазалау, жанып тұрған пештің түбінде киімдерді кептірмеу сияқты осындай үгіт-насихат жұмыстары өткізіліп жатыр", - дейді Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу