Елдегі 17 кәсіпорын шығарындыны азайтуға міндеттеледі

779

Министрлік бұл тапсырманы "Жасыл Қазақстан" жобасын іске асыру шеңберінде іске асырғалы отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Елдегі 17 кәсіпорын шығарындыны азайтуға міндеттеледі

Министрліктің 2021 жылға арналған стратегиялық жоспарында ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің нормативтік көлемі бойынша нысаналы индикатор көзделген. Ол жылдар бойынша төмендетіледі.

"Эмиссиялардың нормативтік көлемдерінің серпінін талдау қоршаған ортаға эмиссиялар көлемінің соңғы үш жылда ауытқып, асып кетпейтінін және төмендеу үрдісіне ие екенін көрсетеді. Бұл көбінесе экономика салалары дамуының оң серпініне, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттарының ұлғаюына және жаңа кәсіпорындардың пайдалануға берілуіне байланысты. Жаңа кодексті іске асыру шеңберінде 40-тан астам НҚА әзірленді, олар қазіргі уақытта келісу және тіркеу сатысында", - делінген хабарламада.

Мұнай секторы мен тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындарымен кеңестер өткізіліп, төмендету стратегиясын әзірлей отырып, эмиссияларды 20% төмендету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілген.

""Жасыл Қазақстан" жобасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру сомасын ескере отырып, шығарындылар көлемі қысқартуға жататын 17 компанияның тізбесі айқындалды", - дейді министрліктен.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу