Елдегі 2,6 млн көліктің "жасы" 20 жылдан асып кеткен

204

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері ел аумағына 108 мың жаңа көлік кірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдегі 2,6 млн көліктің "жасы" 20 жылдан асып кеткен Фото: 63valentina.ru

"Өткен жылдың өзінде көлік саны 500 мыңға артып, қазір олардың саны 5 млн 350 мыңнан асты. Биыл 108 мың автокөлік тіркелген. Бұл жол желісіне түсетін жүктеменің артуына әкеледі. Бірақ еліміз әлі де көліктің саны бойынша шарықтау шегіне жеткен жоқ", – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол ескі көліктерден келетін қауіп жоғары екенін еске салды.

"Автокөліктердің жартысының пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Әрине, ескі көліктерде белсенді және пассивті қауіпсіздіктің заманауи жүйелері жоқ, сол үшін олар бұзылуға бейім болады", деді комитет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу