Елдегі 28 банктің тек 11-і ғана тұтынушылық несие рәсімдейді

1093

Өзгесі заңды тұлғалармен жұмыс істеуді қалайды.

Елдегі 28 банктің тек 11-і ғана тұтынушылық несие рәсімдейді

Банктердің несиелік портфелі құлдырап барады. Оған себеп биыл төлеу мерзімі 90 күннен асқан кредит санының 5,7%-ға артқандығы. Жиналған қарыз 1,28 трлн теңгеге жуықтайды, деп хабарлады Atameken Business.

Мамыр айында екінші деңгейлі банктер есебінен берілген несие 13,27 трлн теңгені құраған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғада 1%-ға аз. Қазір елдегі 28 банктің тек 11-і ғана тұтынушылық несие рәсімдейді. Оның 10-ы қайта қаржыландыру қызметін ұсынады. Онда да максималды сома 6 млн теңге дейін ғана. Өзгесі заңды тұлғалармен жұмыс істеуді қалайды.

Ұлттық банк дерегінше, тұрғындардың үштен бір бөлігінің несиелік қарызы бар.  Ипотека мен автонесиені қоспағанда, берешек 4 трлн теңгеден асып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу