Елдегі 600-ге жуық блогер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған

273

Олар салық есебін ұсынуға міндеттелді.

Елдегі 600-ге жуық блогер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған Фото: canva.com

Табысын дұрыс көрсетпеген 600-ге жуық блогерге салық төлеу бойынша хабарламалар жіберілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді тұрақты негізде жүргізеді. Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

"Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді. Нәтижесінде осы жылдың 13-14 ақпан аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет", – делінген хабарламада.

Хабарлама алған тұлғалар 30 жұмыс күні ішінде салық есебін ұсынуы тиіс.

"Сонымен қатар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз. Көрсетілген міндеттемелер Конституцияда және Салық кодексінде белгіленген",  деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу