Елдегі 95 университет оқу жоспарына ЖИ пәндерін енгізген

260

Оқытушылар құрамының 54 пайызы жасанды интеллект бойынша курстардан өткен. 

Елдегі 95 университет оқу жоспарына ЖИ пәндерін енгізген Фото: freepik

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект саласы бойынша кадрларды даярлау  қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда біздің негізгі міндетіміз – жоғары білімді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдеу. Осы бағытта нақты нәтижелер бар. Бүгінгі күні 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр. 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдану дағдылары енгізілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді", – деді ведомство басшысы Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда.

Бұдан бөлек оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүріп жатыр. 

"Профессорлық-оқытушылар құрамының 54 пайызы жасанды интеллект бойынша курстардан өтті. Оның ішінде 7 757 оқытушы сертификатталған курстардан өтті. Келесі жылы толық қамтуға шығамыз", – деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу