Елдегі ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады?

241

Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 3221 шақырым болатын 17 ақылы учаске бар.

Елдегі ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады? Фото: budport.com.ua

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245-ІІ Заңының 5-2- бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден бірнеше санаттағылар босатылады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

  • жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
  • авариялық-құтқару қызметтерінің;
  • құқық қорғау органдарының;
  • көліктік бақылау органдарының;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің арнаулы автокөлік құралдары;

Қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді:

- кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

- ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

- жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

- ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.

Көрсетілген көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі. Ақылы жолдардағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды.

Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санаттардың өкілдері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.

Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 3221 шақырым болатын 17 ақылы учаске бар. Оның 11 учаскесі І техникалық санатта (2161 шақырым), ал 6 учаске (1060 шақырым) ІІ және ІІІ техникалық санатқа жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу