Елдегі әр ауылдың жайылым алқабының шекарасы айқындалады

1032

Таяуда ғана жұмысын аяқтаған жер комиссиясы бірқатар ұсынысты әзірлегені белгілі. Сол ұсыныстар негізінде әзірленген жер қатынастарына қатысты заң жобасын Мәжілісте бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елдегі әр ауылдың жайылым алқабының шекарасы айқындалады

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы дайындалды", - деді Айдарбек Сапаров Мәжіліс отырысында.

Заң жобасы жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу институтын реттеу және жер пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында әзірленген.

"Заң жобасының негізгі өзгерістері мынадай: қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейін жалға беру, жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығын беру. Мемлекеттен сатып алмай жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте олардың пайдалану мерзімі 5 жыл болады. Сондай-ақ, жер қатынастары органдарына хабарласу – міндетті шарт. Жер ресурстарын басқару комитетінде жерді пайдалану мен қорғау мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару ұсынылады. Жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болған кезде ғана рұқсат беру керек. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын саяжай құрылысына тыйым салу қажет. Жер беру комиссиясының шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылауды ұсынамыз", - деді ол.

Сонымен қатар ауыл халқының мұқтаждығын ескере отырып, қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау көзделген. Берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсында ашық түрде орналастырылады. 

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мораторий мерзімін 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін ұзарту ұсынылады", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу