Елдегі әр сегізінші бизнес табысының жартысынан астамын TikTok арқылы табады

93

Бұл туралы зерттеу нәтижелерінен белгілі болды.

Елдегі әр сегізінші бизнес табысының жартысынан астамын TikTok арқылы табады Фото: electronic.association-cfo.ru

TikTok Қазақстандағы брендтер туралы жыл қорытындысымен бөлісіп, 2025 жылы платформа арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген негізгі жарнамалық науқандар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда TikTok шағын және орта бизнес сегментін қоса алғанда, түрлі салалардағы компаниялар үшін бизнесті дамытудың тұрақты құралына айналды. TikTok пен "Атамекен" ҰКП жүргізген зерттеуге сәйкес, елдегі әрбір сегізінші бизнес табысының 50%-дан астамын осы платформа арқылы табады. Он жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан ШОБ өкілдерінің 52%-дан астамы платформаны кемінде аптасына бір рет пайдаланады. Апта сайын TikTok қолданатын кәсіпкерлердің әрбір сегізіншісі табысының жартысынан астамы платформадағы белсенділік нәтижесінде қалыптасатынын атап өткен. Сонымен қатар, компаниялардың 80%-дан астамы TikTok-тың жаңа клиенттер тартуға әсерін, 79%-ы клиенттерді ұстап қалуға ықпалын, ал 71%-ы бәсекелестік артықшылықты күшейтуге септігін тигізетінін атап өтті.

2025 жылғы брендтер тәжірибесі TikTok-тағы жарнамалық науқанның табысы көбіне бюджет көлеміне емес, креатив сапасына байланысты екенін көрсетті.

Қосымшаны жүктеу көлемін арттыру мақсатында елдегі пиццериялар желісінің бірі креаторлар дайындаған нативті видеоларға басымдық берді. Брендтерді шығармашылық серіктестер экожүйесімен байланыстыратын TikTok Creative Exchange платформасының көмегімен компания өз брендін нативті контентке табиғи түрде енгізе алды. Контент ұсынымдар лентасында үйлесімді көрініп, пайдаланушыларды тікелей жарнамалық шақыруларсыз қосымшаны жүктеуге ынталандырды. Нәтижесінде, қосымшаны жүктеу құны 20%-ға төмендеді.

Ірі дилерлік орталықтар желісі әлеуетті сатып алушылар тарапынан өтінімдер санын арттыруды көздеді. Осыған байланысты компания TikTok Symphony – платформаның пішімі мен стиліне бейімделген видеоларды жылдам жасауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект құралын пайдаланды. Сонымен қатар, жекелендірілген музыкалық сүйемелдеу үшін GenAI Music қызметін қолданды.

Тамақтану, зергерлік бұйымдар, автомобиль саласындағы брендтер де жарнама тиімділігін арттыру және онлайн сатуды ұлғайту мақсатын қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу