Елдегі әр төртінші шаруа қожалығының жер телімі бар

694

Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелген.  

Елдегі әр төртінші шаруа қожалығының жер телімі бар

Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеулерге сәйкес, 2020 жылы еліміздегі қожалықтардың 25,2% -ында ауылшаруашылық учаскелеріне бар болып шықты. Қалада бұл көрсеткіш 10,6%, ауылдық жерлерде 47,3%-ды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтық контексте ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында (өңірдегі отбасылардың 74%-ында) тіркелген. Одан кейінгі орында СҚО және Ақмола облысы тұр. 
2021 жылдың бірінші тоқсанында шаруалар жер учаскелері мен оларды абаттандыруға 1,3 млрд теңге жұмсаған. 

Шығындардың көп бөлігі тұқымдарға бөлінген: 690,9 млн теңге. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен пестицидтерге арналған шығындар, сондай-ақ жерді жалға және сатып алуға қаржы жұмсалған.

Жерді өңдеуге кеткен шығындар 72,9 млн теңгені құрады, жұмыс күшін жалдауға - 62,5 млн теңге, ауылшаруашылық техникаларын жалға алу және күтуге - 8,4 млн теңге бөлінге. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу